Елімізде сайлауалды жұмыстарға сәйкес саяси партиялардың белсенділігі артты. Мәселен, соңғы 1 ай ішінде Орталық сайлау комиссиясына 34 өтініш түскен. Оның бесеуі жеке, 29-ы заңды тұлғалардан, ал 13-і БАҚ өкілдерінің сауалдары. Өтініштердің 50%-і сайлау жұмыстары бойынша заңнамалық түсініктемені талап еткен. 17%-і сайлауды ұйымдастыру туралы, 12%-ы орталық сайлау комиссиясының жұмысы жөніндегі сұрақтар. Барлық сауалдарға 2 күн ішінде толыққанды жауап берілді.
Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:
Жалпы қазіргі таңдағы мемлекеттік орган, әсіресе, ОСК-ның сайлау барысында әрдайым уақтылы мониторинг жасап отыруы, кез келген сұранысқа, кез келген өтінімге нақты жауап беруі – бұл жақсы үрдіс.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сайлау қарсаңында азаматтық белсенділік артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134262/)