![Демалыс күндері ел аумағында боран соғып, қалың қар жауады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/27/1606474551334.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазгидромет 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады. Ол өзімен бірге қар әкеледі, жекелеген өңірлерде қалың қар жауады.
Сондай-ақ көктайғақ болып, боран соғады. Жел күшейеді. Алайда кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтай бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Демалыс күндері ел аумағында боран соғып, қалың қар жауады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134265/)