Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы алдағы сайлауға қатыспайтын болды. Партияның кезектен тыс өткен XVI съезіне қатысқан азаматтардың 80 пайызы осындай шешім қабылдаған. Ал партия төрағасы: «бізге ұтқырлық жетіспейді, оны мойындау керек»,-деді. Партия бағдарламасын қайта қарап, уақыт талабына сай жаңғырту тиіс екенін айтты. Биыл біршама істі қолға алғанмен, оны жүзеге асыру үшін партия жарғысына өзгерістер енгізу керегін жеткізді.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ЖСДП Мәжіліс сайлауына қатыспайтын болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134271/)