Коронавирустың кесірінен кері кеткен экономика келесі жылы қалпына келуі мүмкін. Экономистердің болжамы осындай. Айтуларынша әсіресе 2021-дің екінші жартыжылдығында жағдай тұрақтала бастайды. Өйткені мемлекеттік қолдаудан бөлек, әлем бойынша карантиндік шектеулер алынып, нарықтағы алыс-беріс жанданады деп отыр. Ал әзірге ол көңіл көншітпейді. Ұлттық экономика министрі бұған дейін елімізде қызмет көрсету саласы 6 пайызға төмендеп, жалпы ішкі өнім 3 пайызға азайғанын хабарлаған еді. Ал инфляция 7 пайыз шамасында.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Экономика 2021 жылы қалпына келуі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134291/)