Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішінде Қазақстан мен Қырғызстанда жағдай мәз емес. Мәселен жыл басынан бері елімізден 21 мың адам көшіп кеткен. Ал керісінше қоныс аударушылар саны 9 мың. Осылайша көшіп кеткендер, келушілерге қарағанда 12 мыңға көп. Қырғызстаннан 4 мың адам көшкен. Қоныс аударушылар саны небәрі 800 адам. Ал Ресей, Армения, Беларусь елдеріне керісінше көшіп барушылар саны көп.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жыл басынан бері елімізден 21 мың адам көшіп кеткен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134294/)