![Әлия Назарбаева Facebook желісінде жеке парақшасын ашты](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/30/1606709150446.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қоғам қайраткері Әлия Назарбаева Facebook әлеуметтік желісіне тіркелді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
«Бұл бағыты мен тақырыптары Instagram-нан бөлек алаң екенін түсінемін. Бірақ ол жақта да біздің команданың жобалары, қатысушылары туралы аудиторияға қызықты мәлімет ұсына аламын деген сенімдемін. Араларыңызда көп адам жан-жақты ақпарат, ашық диалог пен талқылау алғысы келетінін жазған еді. Сондықтан, Facebook сіз бен біз үшін жақсы қарым-қатынас платформасына айналады деп ойлаймын », - деп жазды Әлия Назарбаева.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлия Назарбаева Facebook желісінде жеке парақшасын ашты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134324/)