Түрлі мейрам қарсаңындағы жеңілдік кезінде саудада алаяқтық 3 есеге дейін өседі. Нарыққа бақылау жүргізген сарапшылар тұрғындарды сақ болуға шақырды. Интернет-алаяққа алданған адам орта есеппен 12 мың теңге жоғалтса, түрлі акциялар кезінде шығын 36 мың теңгеге жеткен. Қаржы секторына жасалған кибершабуыл да жыл соңында бірден 10%-ға көбейеді. Сондықтан почтаға келген немесе әлеуметтік желідегі фишингтік, белгісіз сайттарды ашпаңыз. Төлем жасайтын кезде сайт мекенжайын мұқият тексеріңіз. Мамандар онлайн саудаға бөлек банк картасын ашуға кеңес береді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мейрамдар қарсаңындағы жеңілдік кезінде алаяқтық 3 есеге дейін өседі - сарапшылар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134379/)