Шымкенттің орталығындағы Арбатта Елбасының сүйіп орындайтын әндері шырқалды.
Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері ұйымдастырған шағын концертте «Үш қоңырдан» бастап «Сәулем-ай», «Беу-айдай» секілді халық әндері орындалды. Сондай-ақ өнерпаздар гитараның сүйемелдеуімен орыстың «На заречной улице» әнін де нақышына келтіре әуелетті. Ырғаққа ілесіп, Арбат бойына әп-сәтте біраз адам жиналды.
Ғани Қалмахан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкенттегі Арбатта Елбасының сүйікті әндері шырқалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134395/)