Қызылорда облысында АИ-92 маркалы бензин тапшы. Өңірдегі май-құю бекеттерінде бензиннің бұл түрі бірнеше күннен бері тек талонмен беріліп жатыр.
Жанар-жағармайдың тапшылығы, әсіресе, ауылдағы көлік жүргізушілеріне қиындық туғызуда. Бензин таппаған жұрт май құю бекеттерін жағалап жүр. «Облысқа мұнай өңдеу зауыттарынан қажетті мөлшерде шикізаттың жеткізілмеуінен АИ 92-нің тапшылығы туындады», - дейді мамандар.
Айдос Айсауытов, облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:
Басты себебі - мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай тасымалдаушы вагондардың жетіспеушілігі. Қазіргі уақытта, бұл мәселе облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. ҚТЖ мен Энергетика министрлігімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында АИ-92 маркалы бензин тапшы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134414/)