Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызды 5 автокөлік жолы жабылды. Аймақта 2-3 күннен бері қар аралас жаңбыр жауып, жолдарда мұз қатқан. Салдарынан көлік апаты көбейді. Ақтау – Құрық тас жолында жедел жәрдем көлігі аударылып, 2 адам зардап шекті. Синоптиктер бүгін де аймақта қар аралас жаңбыр жауады деп болжап отыр.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда көктайғақ салдарынан 5 автожол жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134424/)