Елде сүт өнімдерінің бағасы шарықтап барады. Сары майдың бағасы биыл 14%-ке қымбаттап, қазір келісі 2700 теңгеден саудаланып жатыр. Ал ірімшік 12%-ке, сүттің бағасы 11%-ке бір-ақ көтерілген. Сауда кәсіпорны қауымдастығы баға тағы 10 пайызға қымбаттауы мүмкін дейді.
Бұған Еуразиялық экономикалық одақ интеграциясы аясында сүт өнімдерін таңбалау себеп. Мамандар бір компанияның таңбалауға кететін шығыны 9 млн теңге деп есептеген. Қауымдастық өкілдері бұл «коронадағдарыс» кезінде бизнеске де, халықтың қалтасына да салмақ түсіретінін айтады. Таңбалауға қатысты пилоттық жоба елде қазанда басталған. Сәуірге дейін жалғасуы мүмкін.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Баға: Сары май 14%, ірімшік 12%, сүт 11%-ке көтерілген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134431/)