Футболға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі қысқарады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлап отыр. Айтуларынша келесі жылдан бастап әр клубқа бюджеттен 3 млн доллардан артық ақша берілмейді. Қазіргі курс бойынша бұл бір жарым миллиард теңге. Бұған дейін «Ордабасы», «Шахтер», «Қайсар», «Жетісу» секілді облыстық немесе қалалық әкімдіктің балансындағы клубтарға 3 миллион доллардан әлдеқайда көп қаржы аударылып келген. Ал «Астана» клубы «Самұрық-Қазына» қорынан қаржыландырылады.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Футболға бөлінетін қаржы көлемі қысқарады - министрлік&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134485/)