![2021 жылға арналған ең төменгі зейнетақы мен жалақының мөлшері анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/4/1607075529778.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жарияланды.
Аталған Заңға сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап: жалақының ең төмен мөлшері - 42 500 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 18 524 теңге; зейнетақының ең төмен мөлшері - 43 272 теңге; жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 917 теңге; базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 34 302 теңге болып белгіленді.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 7 пайызға өседі. Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2021 жылға арналған ең төменгі зейнетақы мен жалақының мөлшері анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134508/)