Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-5 сынып оқушылары қашықтықтан оқуға ауыстырылды. Қазгидрометтің хабарлауынша, елордада күндіз -16, түнде, -24 градус шамасында аяз болады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанның Бородулиха ауданында сынап бағанасы -28 градусқа төмендеді. Сол себептен, алты ауылда бірінші ауысымдағы бастауыш сыныптарға сабақ болған жоқ. Шемонайха ауданында 4-сыныпқа дейін оқушылар мектепке бармады. Өйткені, 23 градус аяз болып, желдің жылдамдығы секундына 2 метрге жеткен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордалық оқушылар аязға байланысты қашықтан оқиды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134526/)