Ресми хроника: Бейнеконференция форматында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына Президент Қ.Тоқаевпен бірге ұйымға мүше мына елдердің – Ресей, Беларусь, Тәжікстанның президенттері, Армения премьер-министрі, Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы қатысты.
Әрине, тақырып - халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері. Таулы Қарабақ соғысы да сөз болды. Қазақстан Президенті, цитата:
– Ресей тарапының белсенді қатысуымен қол жеткізілген келісім – дағдарыс кезінде қабылданған жалғыз әрі дұрыс шешім. Менің ойымша, аталған келісім өңірде бейбітшіліктің ұзақ мерзімге орнауына себепші болмақ. Бұл – шын мәнінде тарихи шешім, – деді.
Әсима Нұрбайқызы әңгімелейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Осы аптада Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134571/)