Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Енді авиа, теміржол, теңіз, өзен және автожолдар арқылы келген азаматтарға тексеріс тағы да күшейтілмек. Мерзімі 3 күннен аспайтын ПТР анықтамасынан бөлек, термометриядан тексеруден өтіп, сауалнама толтырады. COVID-19 cимптомдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Арнайы қолхат жазады. Сондай-ақ, аяғы ауыр әйелдердің босануы кезінде жақынын кіргізуге рұқсат берілді. Тек оның мерзімі 3 күннен аспаған ПТР анықтамасы болуы керек. Қаулы 8 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңа қаулы: Аяғы ауыр әйелдер босанар кезде жақынын палатаға кіргізе алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134608/)