Жаңаөзен қаласында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағандар әлі іздестілуде.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға өткен бейсенбіде кешкі 7-лер шамасында Сбербанк бөлімшесі алдында болды. Қарақшылар инкассатор көлігіне шабуыл жасап, ондағы 65 млн теңге, 20 мың доллар, 500 мыңдай Ресей рублін ұрлап кетті. Куәгерлердің айтуынша, қылмыстық топтың құрамында 4 адам болған. Инкассатор жүргізушісі қарақшылар отырған Nexia көлігіне 5 рет оқ атқан. Алайда қылмыскерлер қашып үлгерді.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңаөзенде инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағандар әлі табылмады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134609/)