Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан халық партиясының» партиялық тізімін тіркеді. Мәжіліс депутаттары сайлауына аталған партиядан 113 үміткер қатысады. Оның 36,3 пайызы яғни 41 адам 29-ға толмаған жастар мен әйелдер. Бастапқыда партия 114 кандидаттан құралған тізімін ұсынған. Алайда кейін бір үміткер сайлау додасынан өз еркімен бас тартты.
Асылбек Смағұлов, ҚР ОСК мүшесі:-Орталық сайлау комиссиясына Қайыржановтан өз кандидатурасын партиялық тізімнен қайтарып алу туралы өтініші келіп түсті. Мұндай жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамды шығарып тастау туралы шешім қабылдайды.
Ләйлә Дулатқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ОСК «Қазақстан халық партиясының» партиялық тізімін тіркеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134625/)