Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының таралуы айтарлықтай бәсеңдеді. Соңғы тәулікте індет жұқтырғандар тіркелген жоқ. Дегенмен, босаңсуға әлі ерте. Бүгінде облыста 31 адам COVID-19 кеселімен науқастанып, медициналық ұйымдарда тиісті емін алып жатыр. Дәрігерлер жеке бас гигиенасын ұдайы сақтап, көпшілік орындарда бетперде тағып жүруге шақырады
Гүлнар Ілиясова, дәрігер-эпидемиолог:
Коронавирусты инфекциямен бір рет ауырдым және екінші рет ауырмаймын деп ешкім кепілдік бере алмайды. Сол себепті әлі де босаңсуға ерте. Бетперде - ол енді ең басты сақтық шараларының бірі.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Босаңсуға әлі ерте». Дәрігерлер сақтық шараларын сақтауға шақырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134640/)