Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар бойынша «қызыл аймақта» болған Ақмола облысы «сары деңгейге» ауысты. Себебі ауруға шалдыққандар азайған. Өткен аптада өңірде күніне орта есеппен 80-90 науқас тіркелді. Ал кеше Соvid-19 60 адамда анықталған. Дегенмен мамандар босаңсуға болмайды дейді. Облыстағы карантиндік шектеулер сақталады. Көкшетау мен Степногорск қалаларындағы санитарлық бекеттер де жұмысын жалғастыра береді.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысы коронавирус бойынша «сары аймаққа» енді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134647/)