Павлодар облысында шаруаның қолды болды деген бір үйір жылқысы мұз астынан табылды. Фермер қырдағы табыннан 26 жылқы ұрланды деп полицияға шағымданған. Аққулы ауданының 20-дан аса тәртіп сақшысы жоғалған жануарларды іздеп, екінші күні Бөрлі көліне тіреледі. Жануарлар ыққан күйі көлге батып өлген.
Жанна Белялова, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:Бірнеше күн бойы мал иесі ешкімге хабар бермей өзі іздеген. Бірден полицияға хабарлағанда, жануарларды бәлкім судан шығарып алуға болатын еді. 4 экипаж қырға шығып, екі күн ішінде тауып берді. Әрине, малды бағу керек. Сонда бұндай жазатайым жағдайлар болмас еді.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда бір үйір жылқы мұзға батып өлген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134653/)