Қызылордада 11 желтоқсаннан бастап карантиндік шектеулер тағы да жеңілдетіледі. Енді жексенбі мен мереке күндері де сауда орындары, кинотеатрлар таңғы 10.00-ден кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс кестесі түнгі 23.00-ге дейін ұзартылды. Бүгінде өңірде коронавирус жұқтыру көрсеткіші едәуір төмендеп, эпидахуал тұрақталды. Дегенмен, той-томалақ пен көпшілік шаралар өткізуге әлі де қатаң тыйым салынған.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада карантин жеңілдейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134711/)