Кешелі бері елге 169 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келген. Жалпы Нидерланд, Корея, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, Беларусь және Өзбекстан мен Мысырдан 1 200-ге жуық жолаушы келсе, олардың ішінде Мысырдан оралғандардың жартысынан астамында тест қорытындысы болмаған. Анықтамасыз жеткен ел азаматтары карантинге оқшауланып, COVID-19-ға тест тапсырды. 54-інен теріс нәтиже шықса, қалған 115 жолаушы сынама нәтижелерін күтіп отыр.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанға 170 адам ПТР анықтамасыз келген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134753/)