Әлемді жайлаған індеттің екпіні әлі де басылар емес. Сондықтан босаңсуға болмайды. Осылай деген өнер жұлдыздары көпшілікті жаңажылдық кештерге бармай, мерекені отбасымен қарсы алуға шақыруда.
Ақжол Мейірбеков, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі:
Телеарна арқылы жақсы концерттерді көріп, үйде болған дұрыс деп ойлаймын. Әлгі бетпердені шешпей, көпшілік жерлерге бармай, өзіңізді сақтасаңыз, Аман болыңыздар.
Жеңіс Сейдоллаұлы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
Мерекелік күндер тек бақытты сәттерге толы болуы үшін сақтық шараларын қатаң ұстану керек. Жаңа жыл - отбасылық мереке. Карантиндік шараларды ұтымды пайдаланып, бұл жарқын мерекені үй ішімен, отбасымызбен амандықта қарсы алайық.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өнер жұлдыздары Жаңа жылды үйде қарсы алуға шақырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134754/)