Бакуде жеңіс парады өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бакуде жеңіс парады өтіп жатыр

10.12.2020

Әзірбайжан мен Армения тұтқын алмасып жатыр. Ал Бакуде жеңіс парады. Оған Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған жұбайымен қатысты.

Парад кезінде қала көшелерінен 3 мыңдай жауынгер мен 150 әскери техника жүріп өтті. 

Айта кетсек, 44 күндік соғыста Әзірбайжан армиясы Қарабақтың өзінің басым бөлігі мен оның айналасындағы жеті ауданды түгел қайтарды. Сарапшылардың ойынша, бұл жеңіске Түркия мен оның дрондарының қосқан үлесі өте зор.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу