Қарағанды облысының Шахан кентінде бес қабатты үйдің бір подъезі опырылып түсті. Қайғылы апатқа қазандықтың жарылуы себеп болған.
Қазір құтқарушылар құлаған үйді аршып жатыр. Дәл осы сағатта үйінді астында қалып қойған 9 адамның денесі шығарылды. Олардың арасында 3 бала бар. Ал, 6 адам аман, екеуі аздап дене жарақатын алған.
«Жалпы, бұл подъезде 25 адам тұрған. Сондықтан, үйінді астында тағы да тұрғындардың болуы мүмкін», - дейді төтенше жағдай мамандары.
Қазір оқиға орнында 280 адам мен бірнеше техника жұмыс істеп жатыр.

![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысының Шахан кентінде көпқабатты үй құлап, 9 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/13478/)