![Алматы маңында жер сілкінді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/11/1607658392562.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы маңында қуаты 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедицияның сайты.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 79 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық классы 9. Магнитудасы MPV 4.3. Тереңдігі 15 км», - делінген хабарламада.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі Алматы аймағында сезілмеген. Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша бүгін таңғы сағат 04:05-те болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы маңында жер сілкінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134798/)