![Заңсыз ойын бизнесін ашқан Шымкент тұрғыны 3 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/11/1607659662291.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шымкент қаласының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған үшін сотталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
«Жалпы республикалық «Стоп-игра» жедел іс-шараcы барысында «Сайрам» тұрғын алабы және «Алаш» базары аумақтарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастырған азаматтың заңсыз іс-әрекеттері әшкереленді.
Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен ұйымдастырушы ҚР ҚК 307-бабы 1-бөлігімен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 1000 АЕК (2 778 000 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.
Тәркіленіп алынған айғақты заттар (3 телевизор, 24 жүйелі блок, 24 монитор және басқа да құрылғылар) мемлекет пайдасына өндірілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Заңсыз ойын бизнесін ашқан Шымкент тұрғыны 3 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134799/)