Ырым бойынша қара қазанында наурыз көже қайнаған үйге ырыс кіреді. Сондықтан да Мәжіліс депутаты Марат Бопазовтың отбасында наурыз көжені дайындау таңғы 7-де басталады. Сүр ет, қазы-қарта, құрт, айран бір сөзбен айтқанда ауылдың дәмі бар мұнда.
«Аразды татуластырып, елді бірлікке шақырып, қара қазанды қайнатып, сары самаурынды жайнататын мереке-әз-Наурыз. Ырыс пен ынтымақтың, татулық пен тазалықтың, бірлік пен ізгіліктің мейрамын асыға күтеміз»,- дейді депутат.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәжіліс депутаты Марат Бопазов: Елді бірлікке шақыратын әз-Наурызды асыға күтеміз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/1348/)