АҚШ-та жаңа антирекорд. Елде өткен тәулікте коронавирустан 3 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Пандемия басталғалы 16 миллионға жуық адам инфекция жұқтырып, 292 мыңнан астамы көз жұмды. Осылайша, АҚШ-тағы ковид құрбандарының саны Екінші Дүнижүзілік соғыста мерт болғандардың санынан асып кетті.
Франция 15 желтоқсанда локдауннан шығады. Оның орнына кешкі 20.00-ден таңғы 6.00-ге дейін коменданттық сағат енгізеді. Аталған режим Жаңа Жыл мейрамында да сақталады. Сонымен қатар, театр, кинотеатр, музейер тағы 3 апта жұмыс істемейді. Рождествоны тойлауға рұқсат, алайда 6 адамнан артық жиналуға болмайды.
Ұлыбританияда коронавирус жұқтыру балалар арасында жиі тіркелуде. Сондықтан келесі аптада барлық мектеп оқушылары инфекцияға жаппай тест тапсырады.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 70 миллионға жуықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134814/)