Елорда әуежайының экс-қызметкерлері 7-ден 11 жылға дейін сотталды. № 2 Есіл аудандық соты ең ұзақ мерзімді - әуежайдың бұрынғы бас есепшісіне тағайындады. Бабашева алдын ала топпен келісу арқылы пара беріп, аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталып отыр.
Сондай-ақ оның сыбайластары да жазаға тартылды. Олар 2016-2019 жылдар аралығында жалған келісімшарт пен қаржылық құжаттар арқылы 1,6 млрд теңгеден астам қаражат ұрлаған.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда әуежайының бұрынғы қызметкерлері сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134824/)