Каспий теңізінде жабайы үйректерді қайықпен қырған балықшылар ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған видеода олар моторлы қайықпен су бетінде үйірімен жүрген жабайы үйректерді қасақана басып-жаншып өткені анық көрінеді. Соның салдарынан жүздеген құс қырылып қалды. Қаскөйлерге «Жан-жануарларға қатыгездік көрсету» бабы бойынша жаза қолданылуы мүмкін.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысында инкассаторға қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды. Олар Жаңаөзен қаласының тұрғындары боп шықты. Үш азамат уақытша ұстау изоляторында.
Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсан күні белгісіз біреулер Сбербанктің инкассатор көлігіне шабуыл жасап, 75 млн теңгені қолды қалған болатын. Ұрланған ақша кері қайтарылды.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Каспий теңізінде үйректерді аяусыз қырған балықшылар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134886/)