Алматы облысының Шонжы ауылында үй өртеніп, оқиға орнынан төрт адамның денесі табылды. Қайғылы жағдай 13 қараша күні таңғы 5.00-дер шамасында болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 6.45-те толық сөндірген. Қайтыс болғандар 1992 және 1997 жылы туған ерлі-зайыптылар мен олардың 3 және бір жастағы балалары болып шықты. Қазір өрттің себептері анықталып жатыр.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында үй өртеніп, бүтін бір отбасы қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134899/)