Нұр-Сұлтан қаласы елдегі «қызыл аймақта» тұрған жалғыз шаһар. Дегенмен елорда да жағдай оңалып келеді. Сондықтан блок-бекеттер қойылмайды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева мәлімдеді. Сондай-ақ, кезекші сыныптардағы оқушылар тоқсан аяқталғанша мектепке барып білім алады. Ал мереке күндері қаладағы қоғамдық көліктер әдеттегі тәртіппен жұмыс істейді. Бірақ автобуста маска тағып, арақашықтықты сақтау қатаң тексеріледі.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда мереке күндері қоғамдық көліктер тоқтамайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134914/)