Келер жылы тағы 6 мың шақырымға жуық жол ақылы болады. Ол Шымкент-Ташкент, Қапшағай-Талдықорған, Нұр-Сұлтан-Павлодар, Атырау-Ақтау секілді тоғыз жол учаскесі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы мәлімдеді. Түскен қаржы учаскелерді күтіп ұстауға жұмсалады. Әзірге, елімізде 700 шақырдай жол ақылы. Сондай-ақ оларға «Сергек» камералары орнатылады. Сондықтан жылдамдықты 140 шақырымнан асырғандарға автоматты түрде айыппұл салынбақ.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақылы жолдарға «Сергек» камералары орнатылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134926/)