Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры XXX маусымын «Абай» қойылымымен ашты. Сондай-ақ 30 жылдық тарихы бар театр жаңа маусымда жаңа ғимаратқа көшті.
Қос қуаныштың қатар келуін ұжымдастар қайырымдылықпен ұштастырған. Яғни зейнеткерлер мен көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар 3 күн бойы тегін қойылым тамашалай алады.
Айта кетейік, Қалибек Қуанышбаев театрында бүгін және ертең «Абай» трагедиясының жаңа нұсқасы ұсынылады.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаллеки театры жаңа маусымын «Абай» қойылымымен ашты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134944/)