Елімізге ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды. Олардың екеуі Ыстамбұлдан Алматыға, төртеуі Шарм-эль-Шейхтан Нұр-Сұлтанға келген. Кеше 661 адамнан коронавирус анықталса, 914 адам індеттен жазылған. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 22 шалдығып, 2 науқас қайтыс болды. Жалпы, қазір емделіп жатқандардың арасында 239 науқастың жағдайы нашар. 37 адам ауыр халде болса, тағы 37 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Раушан Сайлауқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өткен тәулікте 661 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134967/)