Бұл көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы былтыр көктемде қаланған. Мердігер компания міндетін абыроймен атқарып, құрылысты бір жылдың ішінде аяқтады. 60 пәтердің 15-сі көпбалалы отбасыларға арналған. Оларға пәтер кілттерін облыс әкімі салтанатты түрде табыс етті.
Даниал Ахметов, облыс әкімі:
- Үлкен мереке қарсаңында сіздерге тамаша пәтерлерді беріп тұрмыз. Келе жатқан ұлы мерекемен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, шаттық тілеймін.
Мереке қарсаңында баспаналы болған жанның бірі - Айнұр Жомартова. Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа үйдің берілгенін жақсылыққа баладым, дейді қуанышқа кенелген 4 баланың анасы. Көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан қолдау үшін облыс әкіміне алғысын білдірді.
Айнұр Жомартова, көпбалалы ана:
-Осындай игі істеріңіз әрбір отбасыны қуантады. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Осында отырған көпбалалы аналардың атынан сізге мың алғыс айтамыз. Деніңізге саулық тілейміз.
Сондай-ақ бұл күні Глубокое ауданында жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Заманауи үлгіде салынған нысанның алдына Абай Құнанбаевтың мүсіні қойылған.
Сая Жарасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-да көпбалалы отбасылар баспаналы болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134989/)