![Қаңтарда қазақстандықтар 13 күн демалады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/20/1608455328784.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2021 жылдың қаңтарында қазақстандықтар 13 күн демалады.
Ел азаматтарын жыл басында төрт күн қатарынан (1-4 қаңтар аралығы) демалыс күтіп тұр. Негізі Жаңа жыл мерекесіне орай 1-2 қаңтар демалыс күні деп саналады. Ал 2 қаңтар сенбіге түсіп тұрғандықтан, бұл күннің есесі 4 қаңтарға (дүйсенбі) ауысты.
Одан кейін қазақстандықтар екі күн жұмыс істеп, Рождество мерекесіне орай 7 қаңтарда тағы демалады. Сенбі-жексенбі күнгі демалыстарды қосқанда, қаңтар айының тең жартысына жуық уақыты қазақстандықтар үшін демалыспен өтпек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаңтарда қазақстандықтар 13 күн демалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135016/)