![200 мың теңге пара алған генерал-майор 5 жылға сотталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/20/1608454807904.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласындағы «Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты» РММ-не офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.
Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=200 мың теңге пара алған генерал-майор 5 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135019/)