Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Теңізшевройл» компаниясының бас директоры Имер Боннерді қабылдады. Кездесуде өндіріс орнының алдағы жылдарға арналған даму жоспары талқыланды. Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» жобаларында Қазақстанның үлесін арттыру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, Имер Боннердің мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент «Теңізшевройл» компаниясының бас директорын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135076/)