![Бішкекте ұшақ апаты кезінде қаза болғандар саны 32-ге жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_14506.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бішкекте ұшақ апаты кезінде қаза болғандар саны 32-ге жетті, деп хабарлайды.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлады.
Сағат таңғы 10:00-дегі дерекке сәйкес «Манас» әуежайындағы апат салдарынан 32 адам қаза тапқан. Оның 4-еуі - ұшқыш.
Оқиғаға байланысты елдің бірінші вице-премьер-министрі Мухамметкалы Абулгазиевтің басшылығымен штаб құрылды. Оқиға орнында көлік, ТЖМ, денсаулық сақтау министрлері бар.
Еске салсақ, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданы Дача-Суу ауылында, әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан әуе көлігі апатқа ұшырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= Бішкекте ұшақ апаты кезінде қаза болғандар саны 32-ге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/13509/)