Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық жиындардан бас тартып, мұқтаж жандарға қолұшын созуда. Облыстық және қалалық басқармалар мен аудандық әкімдік қызметкерлері 14 млн теңге жинап, 1100 отбасына азық-түлік себеттерін тарту етті.
Мақсат Құланбаев, облыстық Кәсіпкерлік және ИИДБ басқармасы басшысының орынбасары:
Мұнда тек қана жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері бар. Сонымен қатар антисептиктер, маскалар, қазіргі уақытта керек нәрселерді себеттерге жинап, халыққа таратудамыз. Шамамен бір пакеттің сомасы 12 мың теңгеге шығады.
Рауан Диәли
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да жаңажылдық кештерден бас тартқан қызметкерлер мұқтаж жандарға көмектесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135113/)