Нұр-Сұлтанда жаппай төбелестен екі адам қайтыс болды. Олар 39 және 44 жастағы Қызылорда облысының тумалары. Оқиға кеше түнгі 23:30-да Бетон зауытының маңында болған. Полиция мәліметінше, төбелеске қарыз себеп болған.
Данияр Оралов, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Оқиғаның барлық қатысушысы - 11 адам анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда жаппай төбелестен екі адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135154/)