![Қазақ баласы 1 миллион оқушының ішінде ең білімді жеті шәкірттің бірі атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/23/1608716728569.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордадағы «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы Жеңіс Әліби SAT Reasoning емтиханынан 1580 балл жинап, Қазақстан бойынша үздік нәтиже көрсетті. АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарына түсуге арналған стандартты SAT сынағына 1 млн бала қатысып, соның ішінде осы 1580 деген бағаны тек 7 адам жинаған. Миллионның арасындағы ең білімді жеті оқушының бірі Жеңіс Әліби болды.
Білім-Инновация халықаралық қоғамдық қорының хабарлауынша, SAT емтиханы математика, эссе және мәтінге талдау бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім 200-ден 800 балл аралығында бағаланады. Жеңіс Әліби математика бойынша 800/800, ал мәтін талдаудан 780/800 балл жинаған.
Қазақстандық оқушы бірнеше республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы екені хабарланып отыр. Сондай-ақ, ол математика пәні бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі және Summer Stem Institute in Data Science стипендиясының толық грант иегері.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ баласы 1 миллион оқушының ішінде ең білімді жеті шәкірттің бірі атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135159/)