![Өткен тәулікте 754 адамнан коронавирус анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/24/1608780040712.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда өткен тәулікте 754 адамнан коронавирус анықталды. 1553 жазылып шыққан. 9 өлім жағдайы тіркелді. Ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 149462-ге, емделіп шыққандар саны 135063-ке, қайтыс болғандар саны 2218-ге жетті.
Сондай-ақ бір күнде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 156 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. 83 адам індеттен айықты. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 44951 адам пневмониямен ауырған. Оның 32523-і жазылып шықты. 483 адам көз жұмды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәл қазір 24 126 адам COVID-19-дан (12 181 КВИ+ және 11 945 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 630 науқас стационарда, 19 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 231 адамның жағдайы ауыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өткен тәулікте 754 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135199/)