![Бекшин Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыруға рұқсат берген жоқ](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/24/1608783679004.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматының бас санитар дәрігерінің коронавирустың алдын алу туралы жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес шаһардағы балабақша мен кезекші сыныптар ашылмайтын болды.
Сауда объектiлерiнiң (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерi) жұмыс уақыты сағат 23.00-гe дейiн шектеледі. Ал қаладағы базарлар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат алды. Сонымен қатар көңіл көтеру мекемелерінің қызметіне тыйым салынған.
«25 желтоқсан мен 05 қаңтар аралығында барлық мекемелер мен ұжымдарда жаңажылдьқ кештер, ойын-сауықтық шаралар ұйымдастыруға, Аяз ата, Ақшақар жане басқа жаңажылдық кейiпкерлерді үйге шақыру бойынша қызмет ететін агенттiктердiң жұмысына тыйым салынады», - делінген қаулыда.
Қаулының толық мәтінін мына жерден таба аласыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бекшин Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыруға рұқсат берген жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135200/)