Семейде Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қорытындыланды. Жыл бойы ақын туған өлкеде жүздеген мәдени-рухани шара өтті. Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филормония ұжымы мен Абай театрының актерлары ұлы ақынға арналған шараларды ауқымды концертпен түйіндеді. Оған өңірдегі танымал әншілермен қатар, Роза Рымбаева, Гүлмира Сарина, күйші-Айбек Бекбосынов сынды өнер майталмандар қатысты. Концерт көрерменсіз, онлайн форматта өтті.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде Абай мерейтойы қорытындыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135218/)