Қарағанды облысы «жасыл» аймақта болғанымен, бүгіннен бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін санитарлық шектеу шаралары күшейтілді. Өңірде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады. Қоғамдық тамақтану орындары түнгі сағат 00.00-ге дейін, келушілер санын 50 адамнан асырмай жұмыс істейді. Сауда ойын-сауық орындары, жабық сауда-саттық үйлері, базарларға келушілердің саны ғимарат ішінің 30 процентін ғана толтыруы тиіс. Фуд-корттарға тамақты сыртқа шығаруға және тапсырыс берушілерге жеткізіп беруге болады. Бұл күндері мобильді топтар рейд жұмысын күшейтеді. Тұрғындардың маска тағуы қатаң қадағаланады.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда карантин күшейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135269/)