![Ақтауда арзан жер телімін алып беремін деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_15346.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтауда арзан жер телімін алып беремін деп үш адамды сан соқтырып кеткен алаяқ әйел қолға түсті. Қазір 52 жастағы күдікті уақытша ұстау абақтысында отыр. Ол 2014-2016 жылдар аралығында қала тұрғындарының сеніміне кіріп, жалпы сомасы 3 миллион 500 мың теңгеден астам ақша алған. Бірақ, алданып қалғанын түсінгендер оның үстінен құқық қорғау органдарына шағымданады. Ұсталған күдікті бұған дейін де бірнеше рет істі болған.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда арзан жер телімін алып беремін деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/13529/)